"Қарағандының АХАЖ Октябрь бөлімінің басшысы ақшалай сыйақы үшін қызметтік жалғандыққа барып, шетел азаматтарының ҚР азаматтарымен жалған некелерін тіркеуге алған. Осылайша ол шетелдіктердің облыс аумағында тұруының заңды болуына жағдай жасаған", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Жалған неке құжаттары кейіннен ҚР уақытша тұру куәлігін алу үшін негіздеме ретінде пайдаланылған.