Қарағандыда әуежайға тиесілі 3 млн теңгені ұрлаған қызметкер сотталды

«Ақпараттық қамсыздандыру бөлімінде бағдарламашы болып жұмыс істейтін қызметкер алаяқтықпен айналысып, әуежайға тиесілі 3 млн теңгені жымқырғаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», - деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сот кеңсесінен хабарлады.

Бағдарламашы маманның ұрланған қаржыны қайтарып, әуежай әкімшілігімен келісімге келгенін ескерген сот шартты жазамен шектелді.