Кәсіпкер Николай Абт өзі де бұрын Мәслихат депутаты болған. Сондықтан қабылданған қаулылардың миға қонымдысы мен жоғын айыра біледі. Қазір көптеген әріптестерінен түскен арыз шағымдарды естіп, ережені қарап шыққан. Түсініксіз тұстары көп екенін бірден айтты.
Николай Абт, кәсіпкер:
-Егер қарды тазаламай, оны таптап тастасақ депутаттар қабылдаған қаулыға кереғар емес. Ал егер сіз жолдағы қарды тазалап бір жаққа ысырып тастасаңыз, мысалы, ағаштардың түбіне қарай, дәретханаға баратын жолды аштыңыз делік. Бітті, жазаға тартыласыз.
-Кәсіпкерлер қарды мынадай тау қып үйіп тастағандарды жазаға тарту орынды дейді. Өйткені қаланың қақ ортасындағы аузы мұрны жоқ отауды ешкім жақтырмасы анық. Арнайы қаулы қабылдағанда депуптаттар осынындайды меңзесе керек.
Ал, әкімшілік полиция қызметкерлері шағын дүкендер мен тұрғын үй аумағын аралап кеткен. Ысырылып тастаған қар болса пәтер иелері кооперативтерінің басшылары жазаға тартылады. Олар бұған қарсы емес, дегенмен қалың түскен қармен алысып жатқанда құзырлы орган айыппұл салуға асықпаса дейді.
Дмитрий Семенов,
пәтер иелері кооперативінің төрағасы:
-7 камаз қар шығаруға 200 мың теңгедей қаржы кетті. Қарды шығарып үлгере алмай жатсам, келіп 45 мың теңге айыппұл салды. Мән жайды тыңдамайды. Тұрғындардан ақша жинау да өте қиын.
Дегенмен тексерушілердің тісі мемлекеттік мекемелердің ешқайсысына батпайтын сыңайлы. Мысалы, ережеге сай келмейтін қар үйінділері облыс әкімдігі алдындағы шыршалардың түбінде көптеп кездеседі. Білім басқармасының кіре берісінде де төбешіктер тұр. Тіпті, әкімшілік полицияның өзі күніне мың кіріп шығатын облыстық ішкі істер департаментінің ауласы да аузы мұрны қарға толып жатыр.
Loading...