Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Жол-көлік оқиғасы 15 шілде күні Қарағандыдағы С.Сейфуллин көшесінде болған. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қарағанды-Саран» қалааралық автобусының жүргізушісі зейнеткерді жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты», - деді ІІД баспасөз қызметі.

Апат фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде.