Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

«Қарағандыда вокзал маңындағы алаңда «ПАЗ» автобусының 39 жастағы жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты.  Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.