Қарағандыда автобустың аударылуы салдарынан 37 адам зардап шекті

Мекеме ақпаратына сәйкес, 12-қыркүйек күні 18 сағат 15 минутта "МАН" бағытты автобусының жүргізушісі көлікті аударып алды. Онда 65 жолаушы келе жатқан.

Жол апаты салдарынан 37 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Соның ішінде 7 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қазір зардап шеккендердің жағдайы орташа деп бағалануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті