Қарағандының Қазыбек би аудандық N1 соты бүгін облыстың әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік қызмет инспекторын жол апатын жасағаны үшін үкім шығарды.
«Сот бұрынғы инспекторды жол ережесін бұзғаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін кінәлі деп тауып бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыс абайсызда жасалғанын, айыпкердің бұрын сотты болмағанын ескере отырып, сот қоныс колонияда жазасын өтеу туралы шешім шығарды», - дейді судья Ерлан Сексенов.
Іс материалына сәйкес, инспектор қызметтік көлікпен жолақ сызықта жаяу жүргіншіні қағып, ол жерден қашып кеткен. Зардап шеккен әйел аяғын сындырып, екінші топ мүгедегі болып қалды.