Қарағандыда балалар үйінде жеті жасар қыз нанға қақалып көз жұмды

Аймақтық білім басқармасының хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні болған, қыз бала нанға қақалып қалған көрінеді.

«Бақытсыз жағдай орын алды. Қыздың тамағында аденоидтары болатын. Жоспарлы операция екі аптадан кейін жасалуы тиіс еді. Бірақ, бүлдіршін ол күнге жете алмады», - делінген хабарламада.

Комиссия қорытындысына сүйенсек, асханадан түстеніп шыққан балалар үйінің тәрбиеленушісі бөлмесіне барар жолда тұншыға бастаған көрінеді. Жасанды дем бермек болып жанталасқан мейірбикенің әрекетінен ештеңе өнбепті.


Қазір аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр.