"2006 жылмен салыстырғанда балалардың көлік апатынан жарақаттану салдары 9,8%-ға өсіп отыр. Облыс орталығында 73 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ол 2006 жылғыдан 18-і көп. Қолданылған шараларға қарамастан биылғы қаңтарда балалар жарақатының жағдайы жақсарған жоқ", - деп хабарлады аға инспектор.
"Бұл мәселе жол полициясының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта балалар жарақатының алдын алу шараларының бірі ретінде постылардың орнын ауыстырдық. Енді жол бойында орналасқан мектептердің барлығына дерлік жол полициясының инспекторлары қызмет көрсететін болады", - деп атап көрсетті О. Зотов және кезекшілік 7.00-ден 8.00-ге дейін, 12.00-ден 14.00-ге дейін және 16.30-дан 17.00-ге дейін, яғни, балалардың мектепке келген және кеткен кездерінде жүргізілетінін хабарлады.