Қарағандыда беймәлім қылмыскерлер автокөлікке оқ жаудыру салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Полиция қызметкерлерінің болжамы бойынша, қаза тапқандар қылмыстық топтың мүшелері болуы мүмкін.

Осыған байланысты қазір Қарағандыда жедел іздестіру шаралары жарияланып, қаладан шығар беріс жолдар түгел жабылып қылмыскерлер іздестірілуде. Оқиға болған жерде оперативтік топ жұмыс істеп жатыр.
Толық дәлелденбеген дерек бойынша, түнде қылмыстық топтар арасында жаңжал шыққан сыңайлы.