Қазыбек би аудандық прокуратурасының хабарлауынша, жексенбі күні «РЕН-МИЛК» ЖШС аумағына баса көктеп кірген белгісіз екі адам бухгалтер мен менеджерді соққыға жығып 700 мың теңгені алып кеткен.
«Ақша үстелдің үстінде жатқан. Зардап шегушілер қылмыскерлер кетісімен полицияға хабар беріпті. Олардың екеуі де ауруханаға түсті», - дейді прокуратура өкілі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр.