Қарағандыда бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні болған. Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан өрт 15 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген.

Салдарынан бір ер адам көз жұмып, иіс тиген әйел ауруханаға жеткізілді. Үш адам құтқарылды, тағы сегіз адам эвакуацияланды.