Қарағандыда бес жасөспірім өздерімен құрбылас баланы өлтірген

"Қазыбек би ауданының ІІБ-ның кезекші бөліміне түнгі сағат үштердің шамасында Гоголь көшесіндегі №48 үйдің кіреберісінде белгісіз топ Теміртау қаласында тұратын кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірімге дене жарақаттарын салғаны туралы хабар келіп түсті. Олардың бірі 17 жасар бозбала алынған жарақаттар салдарынан оқиға орынында қайтыс болды", - деп хабарлады Е. Әбішев.

Оның айтуынша, аталмыш қылмысты жасауға күдікті деген 16 мен 19 жас аралығындағы Қарағанды қаласының бес тұрғыны тұтқындалған. Олар өз қылмыстарын мойындаған және оларды жәбірленушілер таныған.

Жас жігіттерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103 бабы 3-бөлімі бойынша ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру") қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады тілшілерге Е. Әбішев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті