Қарағандыда бесінші қабаттан секірген курсантты қатарластары зорламақ болған

Шыңғыс Амангелдиев ақпанның 24-не қараған түні курстасының пәтеріндегі балконнан секіріп кеткен болатын. Іш құрылысы мен жамбасы жарақаттанып, екі аяғы үсіген курсант, енді ғана тілге келіп түсінік бере бастады. Айтуынша,3 курстасы мен бейтаныс 3 жігіт түнде есірткі шеккен. Кейін өзін оятып алып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлепті. Қорлыққа шыдамаған ол балконға бір-ақ қарғыған. Осыған дейін куәгерлердің айтқанына сүйеніп келген полиция «адамды өзіне қол жұмсауға күштеді» деген баппен енді ғана іс қоғапты. Әскери мектеп басшылығы да тілшілерден тілдесуден қашып жүр. Өйткені жәбір көрген жігіт күдіктінің бірі мектеп бастығының туысқаны екенін айтқан.


Аманбек Жасаров, Шыңғыстың әкесі:  

-Бір бала училище бастығының  туысқаны, екіншісі Тараз жақта бір полковниктің ұлы, үшіншісі майордың баласы екен. Мен өзім ойлаймын солар тергеудің  барлығын тіреп отырған.