Қарағандыда «Бесобаға» қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасынан хабарлады.

«А. Воробьевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бүгін біз материалдарды тапсырамыз», - деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасынан.

Облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы А. Воробьев ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет бабын асыра пайдалану) айыпталуда.

Тексеру амалдарының материалдарына сәйкес, бұл істе 350 адам жәбірленуші деп танылды. Олар - «Бесоба» үйінің тұрғындары мен салынып бітпеген екі үйдің үлескерлері.