"Алаңдар мен көшелерде 2000-нан астам жарық диодты элементтер - шыршалар, шағын сәулеттік құрылымдар орнатылды", - деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Жаңа жыл ғана емес, сонымен бірге Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай қаланы безендіруге 199 млн. теңге жұмсалған.
Тәуелсіздік алаңында облыстың бас шыршасы жағылды. Оның биіктігі - 25 метр. Қараңғылық түсе мұнда Аяз ата мен Ақшақар, қар бейнелері, шарлар жарық шашып, айналаны нұрландырады. Сондай-ақ жарық шашатын жануарлардың мүсіндері де түнгі шаһарға ерекше көрік береді.
Ал 18 метрлік шырша қаланың оңтүстік-шығыс ауданындағы "Қарағанды-Арена" мұз сарайының маңынан орын тепкен. 12 метрлік шыршалар С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының және қала әкімдігінің айналасына орналастырылды.