Полковник тіркелгендігі туралы куәлікке "әскерге жарамды" деген белгі соқтырмақ болған жас жігіттен 10 мың теңге көлемінде пара алған.
Тұтқындау шарасын облыстық ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық аймақтық басқармасының қызметкерлері жүзеге асырды. Қазір әскери қызметкер уақытша тергеу абақтысында отыр. Қылмыстық іс қозғалып, әскери полиция тергеу жүргізе бастады.