Қарағандыда бір кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты

38 жастағы кәсіпкер республикаға танымал газдандырылған сусын шығаратын компанияның қожайындарының бірі болған.

8-желтоқсан, сейсенбіде 10 сағат 35 минутта "Степной-3" ықшамауданындағы өз үйіне кіре берісте оны басынан екі мәрте атқан көрінеді. Жедел жәрдем дәрігерлері келгенше жігіт жан тәслім еткен.
Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Тапсырыспен кісі өлтіру деген негізгі болжам бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.