Caravan Logo

Қарағандыда бокстан Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін жасөсіпірімдер чемпионаты өтіп жатыр

Қарағандыда бокстан Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін жасөсіпірімдер чемпионаты өтіп жатыр

Оны «ҚазМұнайГаз» бен «Номад Ойл» компанияларының қолдауымен «Tele2 Қазақстан» байланыс операторы мен Қарағанды қаласы бойынша бокстан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған ресмпубликаның түкпір-түкпірінен және Әзірбайжан мен Өзбекстаннан 100-ге жуық балғын боксшылар қатысуда.

Он бес салмақ дәрежесі бойынша өтетін бұл байрақты бәсекенің жеңімпаздары жұма күні анықталады. Оларға демеушілердің естелік сыйлықтары және жүлделерімен Серік Сәпиевтің өзі марапаттамақ.