Қарағандыда Братина Кубогы үшін финалдық матч қала көшелерінде тікелей эфирден көрсетіледі

Бұл туралы Қарағанды облысы, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Матч Кеншілер мәдениет сарайының алдында, Қарағандының орталығында және «Қарағанды-Арена» мұз сарайының маңында орнатылған жарықдиодты экрандардан тікелей эфир арқылы сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін көрсетіледі», - делінген таратылған хабарламада.

Матч алдында Қарағандыда «Сарыарқа» хоккей клубына қолдау білдіру мақсатында автожорық өтеді.

Еске салайық, Қарағандының «Сарыарқа» командасы Жоғары хоккей лигасының плей-офф финалына өтті. Братина Кубогы үшін «Сарыарқа» мен нефтекамскілік «Тороспен» шешуші, жетінші матч ертең, 30 сәуір күні Қарағандыда, «Қарағанды-Арена» мұз сарайында өтеді.