Қарағандыда бұдан былай тұрмыстық қалдықтарды сыйақыға өткізуге болады

Қарағандыда тұрмыстық қоқыс қабылдау қосыны ашылды.


           Қарағандыдағы Октябрь ауданының әкімі Ержан Темірханов журналистерге мәлімдегендей, қоқыстарды сорттап жеке жинау қосыны коммерциялық ұйыммен бірлесіп ашылған. Жоба құны 600 мың теңге.
           «Тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинау қосынын ашу мақсаты қаладағы кэологиялық ахуалды жақсарту болып табылады. Тұрмыстық қалдықтар көбейген сайын үйілген қоқыстардың көбейіп жатқаны құпия емес. Қалдықты қайта өңдеп пайдалы зат өндіруге болады емес пе», - дейді Е.Темірханов.
           Тарифке сәйкес, 1 кг шыны ыдысты өткізгені үшін 5 теңге, 1 кг пластик ыдыс – 10 теңге, 1 кг қағаз қалдықтары – 3 теңге төленеді.
           Аудан әкімі жиналған қоқыс зауытта өңделетінін, егер сынақ жоба табысты жүзеге асатын болса, мұндай қосындарды тағы ашпақ екендіктерін айтады.