Қарағандыда буындарға эндопротездер орнату операцияларын жасау жоспарлануда

"Зақымданған тізе, ұршық және шынтақ буындарын жасанды буынға ауыстыру коксартрозбен ауратын адамдарға қалыпты әрі толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді", - деді М. Шайдаров.

Департамент директорының хабарлауынша, таяу уақыттарда Германияда өндірілген 80 протез (40 - цементті және 40 - цементсіз) сатып алынады.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні 600 жуық адам осындай операцияға мұқтаж.

"Алдағы 2 - 3 жылда барлық мұқтаж жандар жасанды буын салғызады", - деді М. Шайдаров.