Қарағандыда бұзақылар полиция қызметкерін ұрып кеткен

Өткен сейсенбіде кешке миы шайқалған және әр жерін жаралап алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Оның айтуынша, көшеде патрульде жүрген кезінде оны біреулер ұрып кеткен, деді прокуратурадан.

"Қазіргі уақытта олардың кім екендігін анықтау шаралары қолданылып отыр", деді агенттікпен әңгімелесуші.