«Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен қарсы күрес басқармасына Қарағандыдағы дәріханалардың бірінде жасырын казино жұмыс істейтіні туралы хабар келіп түсті. Полицейлер ойын мекемесінің операторы ақша алып жатқан жерінен ұстады. Бұдан кейін жасырын ойынхананың екі күзетші ұсталды», - делінген хабарламада.
Тергеу ақпаратынша, шығыс пен кіріс туралы бухгалтерия жазбалары, электронды рулетка, 24 ойын автоматы, ойын автоматтарының кілттері мен 170 мың теңге және 200 АҚШ доллары көлеміндегі ақша тәркіленді.
«Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесіне қатысты тұлғалар анықталып жатыр», - делінген хабарламада.