"Облыстағы түрлі балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда балалар құқығына қатысты заңнаманың сақталу шараларын жүзеге асыру барысында кәмелеттік жасқа толмаған Г. есімді қызды Қарағанды облыстық білім беру департаментінің бір лауазым иесінің бұйрығымен Теміртаудағы есі ауысқандарды емдейтін емханаға орналастыру дерегінің беті ашылды",- делінген хабарламада.
Кешенді тексеру барысында бұл дерек расталды. Амбулаториялық сот психологиялық - психиатриялық сараптама нәтижесінде Г. есімді қыздың жүйке жүйесі ауруларымен ауырмағаны анықталды.
Бұл дерек бойынша ҰҚКД ҚР Қылмыстық кодексінің "есі ауысқандарды емдейтін емханаға заңсыз жатқызу" жөніндегі 127-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізе бастады.