Қарағандыда депутаттың 2 миллион теңгесін ұрлап әкетті

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Егемен Қазақстан» хабарлады.

«Шахтер» стадионына келген депутат машинасын сол жерде қалдырып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенінде суық қолды біреулердің көлігінің жақтау терезесін сындырып, ішіндегі ірі көлемдегі ақшаны алып кеткенін байқаған. Депутат дереу полиция шақырғанымен, ұрыларды ізін суытпай ұстаудың әзірге орайы келмеді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.