Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Құндыздың мәйіті өзі тұрып жатқан үйдің маңынан, көлікжайлардың артынан табылды. Біреу оның мәйітін көріп, бірден полициядағыларға хабарласқан. Сарашылардың айтуынша, мәйіт 10 күн бойы далада тұрған. Қыздың туыстары әзірше келмеді. Бірақ олар бұл жайлы біледі. Құндыздың туыстары оны туған жері Павлодарда жерлейтін болды", - деді өлігі табылған қыздың құрбысы.
Құндыз атасымен және екі ағасымен бірге Майқұдықтағы 18-ықшамауданда тұрған. Туыстарының айтуынша, Құндыз таңертең тұрып, киініп кеткен. Бұл 27 қыркүйекте шамамен сағат 11.00-де болған. Құндыз ақ күртке мен сары сөмкесімен кеткен.
"Құндыздың ішінде ақшасы мен құжаттары бар әмиянының үйден табылғаны қызық болып тұр", - дейді жоғалып кеткен қарағандылық қыздың құрбысы Айнұр Олейникова.
Айта кетейік, Құндыздың ата-анасы Павлодар облысында тұрады. Олар қызын іздестіру жұмыстарына қосылып, барлық туысы мен танысынан сұрап, іздестірген. Алайда ол еш нәтиже бермеген. Ал құрбысы Айнұр жоғалып кеткен қызбен бірге бір мектепте оқыған екен. Оқу орнын аяқтаған соң, олар жақсы қарым-қатынаста болған. Жақында ғана олар бірге қыдырып, қалада серуендеп жүрген.
"Ол жақында өзінің Абайда тұратын әпкесіне барайын деп жатқанын айтқан еді. Алайда ол туыстарына сол күйі бармаған. Сол күні ол қуанышты болып жүрген еді. Мен оның уайымдап жүргенін байқаған емеспін", - деді құрбысы.
Қарағанды облысының ІІД өкілдері әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік бермеді. Сондықтан да қыздың өз-өзіне неліктен қол жұмсағаны белгісіз.