Қарағандыда екі тәртіп сақшысы өрт болған базарда тонаушылық жасаған күдікті ретінде танылып отыр

"Күндізгі саған 2 шамасында "02"пультіне жеке кәсіпкерден тергеу жүргізіп жатқан тәртіп сақшылары сауда жаймаларынан ұрлық жасады деген шағым келіп түскен. Оперативтік тергеу тобында жұмыс істеген бір полиция қызметкерінің жаңа тон киіп жүргені анықталды", -деді Қ. Дүйсембеков.

Оның айтуынша, оқиға орнына ІІД басшылары, ІІД ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары, ІІБ жеке құрам жөніндегі инспекциясының қызметкерлері барған. Тексеру кезінде дерек расталды. Қазір ІІД-нің екі қызметкеріне қатысты тергеу алдындағы тексерулер жүргізілуде, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

"Ал тергеушінің өзі ұрлық дерегін мойындамай, тоңғандықтан жылыну үшін тонды кидім деп отыр", - деді Қ. Дүйсембеков.

Өрт болған жерде бес оперативтік тергеу тобы жұмыс істеуде. Бірінші қабатында базар болған "Ақжолтай" мұз сарайында өрт шығу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-ші бабы (басқаның мүлкін қасақана жою) бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарылды, деді Қ. Дүйсембеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті