Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

25 қаңтар күні Қарағанды полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады. 

Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлыққа әйелдің өзі барғанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған. 

Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде.