Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 21-мамырда Қарағандының тұрғыны Қарағанды аудандарының бірінің қорғаныс бөлімінің бастығы оны есепке қою үшін және әскери билет беру үшін 500 АҚШ доллары көлемінде ақша боспалағандығы туралы хатпен жүгінген. "Қарағанды қаласының әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері жедел-здестіру шаралары барысында қорғаныс бөлімінің бастығын 400 АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықтады",- деп түсіндірді басқармадағылар.
Әскери полицияның мәліметтеріне сүйенсек, тінту барысында ұсталғанның тұрғылықты жерінен параның бөлігі ретінде алынған 10500 теңге, сонымен қатар 18 мың АҚШ доллары және ТОЗ маркалы қару табылып, тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті