«Жастайымнан адамдарға жәрдемдескенді, қолымнан келгенше көмектескенді ұнатамын. Бұл менің хоббиім десе де болады. Көлік айдауды, адамдармен әңгімелескенді ұнатамын. Егер күніне тым болмаса көлікті бір рет айдап келмесем, бір түрлі, қол қусырып, өзімді бос отырғандай сезінемін. Көлігім ескі болса да, осыған жетері жоқ», - дейді ақсақал.
Астаби Бұлқановқа отбасы қанша рет жаңа көлік сыйламақ болғанымен, ол одан бас тартқан. «Досты, тіпті темір тұлпарды да сатпау керек» дейді ол.