Қарағандыда газ жарылып, 4 адам зардап шекті

Таңғы сағат 7 шамасында болған жарылыстан үйдің бүкіл тұрғындары тұрмақ, жақын маңдағылардың барлығы селт еткен. Апат салдарынан сол пәтердің қабырғасы опырылса, көршілес 4 пәтердің астан-кестеңі шығып, 4 адам зардап шекті. Олардың бірі ауыр халде. Апатқа әдеттегідей баллон емес, сырттан келетін газ құбыры себеп. Пәтер қожайыны құбырдың бүлініп тұрғанына мән бермеген. Газ таратушы компания өкілдерінің айтуынша, үй иесіне осыған дейін де ескертулер жасалған екен.


Сергей Говрилюк Қарағанды қаласының тұрғыны:

Жарылыс болған соң бірден пәтерге кірдім. Екі қыз баланы қабырға басып қалыпты. Құтқарушылар оларды шығарып алып, жедел жәрдеммен жөнелтті.