Қарағандыда газ баллоны жарылу салдарынан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
«Зардап шеккендер саны төрт адамға жетті. Олар ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан бір баспалдақ алаңында орналасқан төрт пәтер зақымданған.
Бүгін сағат 7:00-дер шамасында бес қабатты үйдегі бір бөлмелі пәтерде газ жарылған болатын. Терезе әйнектер сынып, қабырғалар жартылай қирады.
Оқиға болған жерде жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеуде.