Қарағандыда инклюзивті білім беру колледжі ашылмақ

Оқу орны Қарағанды техникалық -құрылыс колледжінің базасында ашылмақ.

"Биыл "Инклюзивті білім беру" жобасын орындау керек, 2015 жылы қажет етілген мамандықтар бойынша дайындықты бастау шарт. Бұл елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергіссіз білім алуға мүмкіндік беру жөнінде алдымызға қойған міндеттеріне сай болмақ", деді Н.Әбдібеков сейсенбіде ұстаздардың тамыз айындағы конференциясы барысында.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Асхат Аймағамбетовтың баяндамасында атап өтілгендей, жобаның әлеуметтік әріптесі "Жилстрой-Қарағанды" корпорациясы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар "тамақтануды ұйымдастыру","құрылыс", "дизайн" секілді мамандықтарды үйренбек.

Жиналыста атап өтілгендей, Қарағандыда "Бейімделген мектеп-бәріне арналған мектеп" жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жемісті оқуын қамтамасыз ету.

"Коллдеждерде жүйелі инклюзивті білім берудің жоқтығы елеулі мәселе болып отыр, соның салдарынан ондай балаларды жұмысқа орналастыру механизмі жоқ. Осы орайда қала және аудан әкімдеріне білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізу үшін жағдай жасауды тапсырамын", деді облыс басшысы.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақтық "Бiлiмал" жүйесін сынға алды.

"Бiлiмал" жобасы басқарудың ақпараттық қамсыздандырылуын және жүйелі мониторингті жаңаша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда порталдың рейтингісі тым төмен. Күніне тіпті жүз тұрақты пайдаланушысы жоқ", деді Н.Әбдібеков сейсенбіде ұстаздардың тамыз айындағы конференциясында.

Осы орайда аймақ басшысы "Бiлiмал" жүйесін жақсартып, оның рейтингісін көтеруді тапсырды.

Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып "Білімал" жүйесін 2010 жылы енгізген. Бұл бағдарлама статистикалық деректердің бөлек-бөлек электронды базаларын біртұтас базаға біріктіруге бағытталған. Жоба автоматты режимде тоқсанға қойылған баға негізінде ұстаздың тоқсан бойынша есебін құрауға мүмкіндік береді.


Қазіргі уақытта жүйенің қолданылуы деректердің электронды банкін құруға мүмкіндік берген, онда Қарағанды облысының 5 мыңнан аса ұстазы, 51 мың оқушысы мен 79 мектебі туралы толық ақпарат қамтылған.

Қарағанды облысының басшылығы оқушыларды оқыту үшін және ұстаздардың жұмысы үшін қажетті жағдайларды жасап отыр, деп хабарлады облыс жетекшісі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

"Енді мектептерде үш кезекті оқыту деген болмайды, оқу орындарының тапшылығы толықтай жойылған, жаңа мектептер салынуда", деді облыс әкімі сейсенбіде ұстаздардың тамыз айындағы конференциясында.

Биыл Приозерск қаласында 400 орынға арналған өнер мен спорт мектебінің қайта құрылуы аяқталды. Білім беру саласының 13 ұйымы қайта салынуда, оның ішінде алты бала-бақша бар. Биыл төрт бала -бақша мен бір мектеп пайдалануға берілмек, деді Н.Әбдібеков.

118 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілген, жұмсалған жалпы сома 2 млрд теңге, тағы 2 млрд теңге материалдық-техникалық базаны күшейтуге көзделген.

Әкімнің деректеріне қарағанда, Қарағанды облысында жалпы бюджеттің 30% білім саласының үлесінде.

"Бүгінде саланы қаржыландыру 65 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда 4 миллиардқа артық", деді Н.Әбдібеков.