Қарағандыда интернет дүкеннің кеңсесіне шабуыл жасағандар ұсталды

Кеше кешкісін қарақшылар Қарағандыда "Lamoda" интернет-дүкенінің ғимаратына басып кіріп, тапаншамен қорқытып,  кассир мен сауда өкілін байлаған соң 1 млн теңгелік компьютердің жүйелік блогы мен сейф кілтін алып кеткен. Бұл туралы  бүгін қалалық прокуратура мәлімдеді.

Полиция шабуыл жасағандардың Тойота көлігімен із суытқанын анықтады. Көлік көп ұзамай Балқаш бағытында кетіп бара жатқан жерде ұсталды. Көліктен кастет, екі пышақ пен ақша тәркіленді. Ұсталғандар қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады.