Шахтада өрт шыққаны туралы ақпарат түнгі сағат бірде келіп түскен. Шахтаға құтқарушылар шақырылып, құтқару шаралары басталды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма ақпаратына сәйкес, түнгі 2 сағат 45 минутта шахтерларды құтқару шарасы басталып, 298 жұмысшы жер бетіне шығарылды. Түнгі сағат үште тікелей отқа оранған қазба жұмыстары аймағындағы өрт ауыздықталды.
Қазір шахтада өртке қарсы күрес шаралары жалғасуда. 50 градустан жоғары қыза бастаған қазба аймағына көбік пен суық су жіберіліп, көмір қабатын суыту жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Осы оқиғаға орай арнаулы комиссия құрылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.