Қарағандыда кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлік тегін болмақ

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болмақ. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара әсіресе көп балалы отбасылар үшін үлкен көмек", - делінген хабарламада.

Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығында 110 мыңға жуық тұрғын бар екені көрсетілген.