Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қарағандының 15-ықшамауданында ұлты азиялық 30-40 жас шамасындағы белгісіз еркектің өлі денесі табылған болатын. "Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, оның бас сүйегі сынып, миы ісініп, екі жақ қабырғалары сынған және бауыры жарылып кеткен",- деп хабарлады полицейлер.
Тергеу барысында белгілі болғандай, № 6 мектепттің сегізінші сыныбында оқитын екі бала түнгі сағат үште ішімдік ішіп алып, көшеде бейтаныс еркекті кездестірген. "Олар ұрыс-керіс барысында оны соққыға жығып, бөлшектеп, жанармай бекетінен арнайы сатып алған бензинді құйып, өртеп жіберген",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің айтуынша, аса қатыгездікпен адам өлтірді деген күдікпен мектептің екі оқушысы да құрықталған. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті