Баспасөз орталығының мәліметі бойынша, 3-қараша күні 15 сағат 40 минутта 18-20 жас шамасындағы екі жігіт "кассаның мекен-жайына еш кедергісіз кіріп, ақшаны алып кеткен". Тоналған қаржының көлемі қазір нақтыланып жатыр.
KZ-today тілшісіне белгілі болғанындай, "Каспий банкі" АҚ-ның есеп-касса бөлімі Қарағанды медициналық академиясының студенттер жатақханасы мен профилакторийінің ғимаратында орналасқан, дербес күзет қызметі болмаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тонаушылар ғимаратқа кассирмен ілесе кіріп, есікті жауып алған. Бейресми мәлімет бойынша, 2 млн. теңге тоналған көрінеді.
Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.