Қарағандыда кеденшілер Ресейге валюта контрабандасын жасауға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, 35 жастағы Қазақстан азаматы Қарағанды-Мәскеу бағытындағы әуе рейсіне кедендік бақылаудан өту барысында әуежайдың кеден бекетінде декларацияда көрсетілмеген 20 мың АҚШ доллары мен 5 мың ресей рублін алып өтуге әрекет жасады.

Декларацияда көрсетілмеген валютаны қол сөмкесіне салып өтуге әрекет жасаған жолаушы рейстен алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.