Кәсіподақтардың көшбасшылары айлық жалақыны көтеру мәселесінде үкіметпен келісе алмағандықтан 9 сәуірді республикалық митинг өткізетін күн ретінде белгілеген болатын.
"Базалық лауазымдық жалақы орнына негіз ретінде ең төменгі айлық жалақыны алу қажет және соны негізге ала отырып есептеулер жасау керек", - деп атап көрсетті Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясының төрайымы Александра Мадиярова.
Жұмыс тобы ойланып көруге уәде берген. Қарағандыда мәлім етілгендей, іс орынынан жылжуы себепті митинг өткізудің орынына облыстың кәсіподақтық активі өткізілді. Онда үкіметтің шешімін күте тұрған жөн деп шешілді. Ал егер де айлық жалақыны көтеру мәселесі шешілмесе олар жаппай қарсылық акциясын өткізуге дайын.