Қарағандыда «Х-фактор» байқауының жеңімпазын тонап кетті

«Қаскүнемдер терезені сындырып, пәтерге кірген. 800 мың теңге сомасындағы ақшаны, тон, теледидарды қолды еткен», - деді аудандық прокуратура бөлімі бастығының орынбасары Сейдахмет Ұтқыров.


Әнші шығынды миллионнан астам теңгеге бағалап отыр. Сұхбат берушінің айтуынша, күдіктілер әзірге анықталған жоқ.