Қарағандыда көлігін сатпақшы болған жас бойжеткенді өлтірген күдікті қолға түсті

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Полиция қызметкерлері жоғалған көлікті аулалардың бірінен тапты, кейіннен көліктің орнында тұрған-тұрмағанына көз жеткізу үшін келгенде, күдікті  де сол жерде қолға түсті.

Күдіктінің айтуынша, ол бойжеткен көліктің ақшасын бөліп төлеуге келіспеген соң өлтіргенін айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


«ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.