Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 желтоқсанда 14 сағатта Қарағанды қалалық ІІД-де коммерциялық колледж ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.
Сонымен бірге осы күні 20 сағат 30 минутта Өскемен қалалық ІІД-іне дәмханада жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізілген арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.