Қарағандыда концерттік бірлестік қызметкерлері ереуіл жариялады

Олардың айтуынша, 11 ақпаннан бастап барлық әртістер жұмысқа келгенімен, ешбір концерт бермейтін болалы.

"Себеп - жалақының төмендігі. Жұмысқа жаңа қабылданған әртістер 14 мың, ал кәсіпқой әртістер 25 мың теңге алады", - деді ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаева.

"Бұл шара біздің жан айқайымыз үкіметтегілердің назарына іліккенше жалғасатын болады. Екі музыкант ауыр ахуалды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсады. Біз кедейліктің тауқыметі мен тойған тоқты- шенеуніктерге арналған, ал өзіміз ашқұрсақ күйдегі концерттерден жалықтық", - деді Ғ. Болтаева.

"Біз өзіміздің шығармашылық ұжымымызды қолдаймыз, бірақ біз өз жалақымызды өзіміз көтере алмаймыз. Үкімет бекіткен тарифтік ставкалардың не себепті бүгінгі күнге дейін қайта қаралмағанын түсіне алмай отырмыз",- деді концерттік бірлестік директорының орынбасары Талғат Ыдырысов.

Бүгін концерттік бірлестік қызметкерлерінің үкіметке қоятын талабы дайындалды.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте 400 -ден астам әртіс еңбек етеді. Оның құрамына Академиялық халық аспаптары оркестрі, симфониялық оркестр, "Аққу" би ұжымы, джаз оркестрі секілді көптеген ұжымдар кіреді.