Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты; бір адам қаза тапты

Мекеменің хабарлауынша, өрт туралы хабар 18-тамызда 01 сағат 06 минутта келіп түскен. "20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 67 жастағы ер адамның мәйіті табылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі 02 сағат 01 минутта 27 адам мен 6 техниканың көмегімен сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті