Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры отқа оранғанын анықтады. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт салдарынан мансард типіндегі пәтерлер өртенді, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру кезінде 10 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың екеуі - бала.  Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір құтқарушылар тілсіз жаумен арпалысып жатыр.  

Отты ауыздықтауға Қарағанды облысы ТЖД АСР мен өрт сөндіру қызметінің 10 бірлік техникасы мен 52 қызметкері, Қарағанды облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 1 техникасы мен 4 қызметкері,   ҚР ІІМ ТЖК апаттық медицина орталығының 1 техникасы мен 3 қызметкері, Қарағанды облыстық ІІД Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің 5 бірлік техникасы мен 24 қызметкері тартылды

Өрттің шығу себебі мен келтірген залалы анықталып жатыр.