Қалалық әкімдік мұны нөсерлік кәріз жүйе жұмысының тиімсіздігімен түсіндірді.
«Нөсерлік кәріз жүйе жұмысының тиімсіздігі салдарынан, кей аулаларда ол мүлдем жоқ, барлық жауын суы қалалық кәріздік жүйеге құйылады. Бұл кезеңде жүйеге артық жүктеме түсіп, құбырлар қосылатын жер, темірбетон шайылуда, бұл құбырлардың, конструкциялардың тозуына әкеледі, сөйтіп коллектор опырылады. Коллекторлардың көбі тұрғын үй салынған аумақпен, саябақтармен, темір жол бойымен өтеді», - деп хабарлады Қарағанды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Қазір қауіпті жерді қоршауға алды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бойынша тиісті шаралар қабылданды. Уақытша аялдама павильоны орнатылды.
«Қарағанды Су» ЖШС бригадалары бас кәріздік коллектордың бұзылған учаскесін алмастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жұмыстар аяқталған соң жолды абаттандыру және асфальт төсеу бойынша шаруа атқарылады», - деп қосты қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Қалалық әкімдік ақпаратынша, диаметрі 1 000 мм, ұзындығы 9,2 км құрайтын бас кәріздік коллектор 1962 жылдан пайдаланылып келеді. Коллектордың кәріздік құбырлары тозған және оны пайдалану мерзімі аяқталғаны хабарланды.