Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы өрт сөндірілді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Костенко атындағы шахтадағы өрт 4-мамырда басталған. Жер астында 364 адам болған. Олардың бәрі де жер бетіне шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін "ВАСС Көмірдің" 8 бөлімшесі мен төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер жаппай келді.

12-мамыр күні 14 сағатта өрт толық сөндірілді. Өортті сөндіруге қатысқан күштер тұрақты орналасқан жерлеріне оралды.