Қарағандыда ломбард тонағандар іздестіріліп жатыр

Октябрь аудандық прокуратурасының хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні белгісіз біреулер ломбардтың есігін бұзып, құны 2 млн теңгелік алтын бұйымдары мен сейфті ұрлап әкеткен.

«Ломбардта күзет те, аыл жүйесі де болмаған. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр», - дейді прокуратурадағылар.